«Эшелон-2022» оқу-жаттығуында теміржол бойында орын алған штаттан тыс жағдай жойылды

1136

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштері мен құралдарының «Эшелон-2022» оқу-жаттығуы барысында ҰҚШҰ-ға мүше елдердің әскери контингенттері әскерлерді тасымалдау кезінде теміржолдағы диверсияға қарсы іс-қимылдарды пысықтады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Оқу-жаттығудың жоспарына сәйкес, әскери эшелонға диверсия жасалып, соның кесірінен теміржол төсемі қирап, әскери техника отқа оранды.

Өртті ауыздықтауға Қазақстан Әскери-әуе күштерінің армиялық авиациясы, Қарулы күштер мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.

Эшелонның қозғалысын одан әрі қамтамасыз ету мақсатында әскери техника алдын ала жабдықталмаған аумаққа түсірілді. Бұл шара автокөлік тартқыштарының, S-05 платформалы машина кешенінің және қалпына келтіру пойызында орнатылған 150 тонналық теміржол кранының көмегімен жүзеге асырылады.

Эшелоннан шығарылған әскери техника қираған жерді айналып өтіп, жылжымалы құрамға қайта тиелді. Осылайша, барлық шараларды орындаған эшелон белгіленген пунктке қарай қозғалысын жалғастырды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -