ТМРК-да кезекті қоғамдық қабылдау өткізді

11176

Бүгін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мамандары ТКШ қызметтерінің тұтынушылары үшін онлайн режимде кезекті қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

ТМРК мамандары газбен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау салаларындағы тариф белгілеуге қатысты кезекті ақпаратпен бөлісті.

Қабылдау барысында Атырау облысы мен Алматы қаласының қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерінен тұтынушылар бойынша жылу энергиясы үшін ақы алу әдістемесіне, тариф белгілеудің ынталандырушы әдісіне, иесіз коммуналдық желілерге және басқа да маңызды мәселелерге қатысты сұрақтар келіп түсті.

Келіп түскен барлық сұрақтарға ТМРК төрағасының орынбасары Тимур Қосымбаев пен ведомствоның салалық басқармаларының басшылары жауап беруге тырысты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -