Баптау
Тіл
Тақырып
Жаңарту

Сенаторлар экономиканы, мемлекеттік басқаруды және мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың өзекті мәселелерін талқылады

472
Фотосурет: Б. Серікбай

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Цифрлық үкіметті қолдау орталығында жұмыс бабындағы көшпелі кездесу өткізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтерді цифрлық трансформациялаудың өзекті мәселелерін талқылау болды.

«Цифрландыру – бәсекеге қабілетті заманауи экономика мен мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі бөлшегі. Бұл саладағы негізгі міндеттер – мемлекеттік қызметтерді көрсетудің барлық процестерін цифрландыру, цифрлық теңсіздікті жою, шалғайдағы елді мекендерді де сапалы интернетпен қамтамасыз ету», - деп атап өтті Дәурен Әділбеков.

Кездесуге сонымен қатар Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, индустрия және инфрақұрылымдық даму, қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер, экология, геология және табиғи ресурстар, денсаулық сақтау, оқу-ағарту министрліктерінің, сондай-ақ Цифрлық үкіметті қолдау орталығының өкілдері қатысты.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
МИА «DKNews» © 2006 -