Астанада "Біз табиғаттағы қоқысқа қарсымыз!" экоакциясы өтеді

634
Фотосурет: АР

8 қазан күні сағат 10:00-де елордада "Бірге-таза Қазақстан! " республикалық акциясы аясында "Біз табиғаттағы қоқысқа қарсымыз!" экологиялық акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Акцияның басты мақсаты-жұртшылықтың, әсіресе жастардың назарын орман екпелерін, демалыс орындарын қоқыспен ластау проблемасына аудару, елордадағы экологиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау және табиғатпен үйлесімді өмір сүретін қоғамның мәдениетін қалыптастыру, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Экологиялық акция аясында елорданың жасыл белдеуінің аумағын, орман екпелерін, азаматтардың жаппай демалатын орындарын қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар өткізіледі, өскелең ұрпақ үшін түрлі конкурстар мен іс-шаралар да ұйымдастырылады.

Елорданың табиғатқа бей-жай қарамайтын азаматтарын экологиялық сенбілікке шығуға, қоқыспен күреске өз үлестерін қосуға шақырамыз.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -