Елордадағы Еңлік-Кебек көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмыстарына уақытша жабылды

877
Фотосурет: АР

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Еңлік-Кебек көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты осы жылдың 5-6 қазанында Еңлік-Кебек көшесінің Болашақ көшесінен 189-шы көшеге дейінгі учаскесінде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс туғызбау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -