Жетісу облысы Қаратал ауданында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті «Қаратал таза су» МКК-ның Үштөбе қаласы, Бастөбе ауылы бойынша суды бұру қызметіне берген өтінімін қарау бойынша жария тыңдаулар өткізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Суды бұру тариф жобасы - 157,60 теңге/м3 (ҚҚС-мен).
Жария тыңдауларға шақырылған мүдделі тұлғалар және субъекті тұтынушыларының жалпы саны 28 адам қатысты.
Жария тыңдаулар барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті. Сондай-ақ, ауылдық мекендерде интернет байланысының болмауына байланысты, FACEBOOK арқылы трансляция жүргізілмеді.
Жария тыңдаулардағы қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Департаменттің шешімі 2022 жылдың 15 қарашасында қабылданады.