ҚазҰУ: Мәжіліс депутаттары мен бас редакторлар №5 жатақхананы аралады

868

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, «Қазақ газеттері» ЖШС басшысы Шәмшидин Пәттеев, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Қайнар Олжай, Нұржан Жалауқызы және т.б. танымал бас редакторлар жуырда күрделі жөндеуден өткен №5 жатақханаға арнайы барып, тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қайта жаңартылған студенттер үйінде бүгінде журналистика факультетінің білім алушы жастары тұрады. Жөндеу кезінде ғимараттың сыртқы қасбеті жаңартылып, барлық бөлменің қабырғалары қайта сыланып, әрленді.

Есік-терезе, еден төсеніштері мен жиһаздар сатып алынды. Сонымен қатар электр жүйесі қайта жүргізіліп, жарық беруші шамдар жаңадан орнатылды. Әр секцияға заманауи душ кабиналары қойылып, санитарлық-техникалық жабдықтар ауыстырылды. Бұған қосымша, ғимараттың cу құбыры мен кәріз жүйесі монтаждалды.

Құрметті меймандар қалашықта өткен қызықты студенттік күндерді еске алып, өздері тұрған бөлмелерін көріп, ерекше әсер алды.

Кешегі университет түлектері, бүгінде елге қызмет етіп жүрген тұлға азаматтар ҚазҰУ басшылығына, білім алушы жастарға табыс тіледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -