Қайраткер тұлғалар мен журналистер ҚазҰУ-дың жаңарған Баспасөз қызметінде болды

872

Мемлекет және қоғам қайраткерлері – ақын, драматург Нұрлан Оразалин, жазушы, баспагер Әшірбек Көпішев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, «Қазақ газеттері» ЖШС басшысы Шәмшидин Пәттеев және басқа да елімізге белгілі журналистер Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпарат және коммуникациялар департаментінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры Қаншайым Байдәулет қонақтарға «Farabi University» сайты, «Farabi Media» телестудиясы«Qazaq universiteti» газеті және департамент құрылымына кіретін Ақпарат және мониторинг секторының жұмысы жайлы айтып берді.

Ректордың тапсырмасы бойынша университеттің Баспасөз қызметі қайта құрылып, жаңа үлгіде жасақталғаны атап өтілді. Бүгінгі таңда Ақпарат және коммуникациялар департаменті ректорат ғимаратының үшінші қабатында орналасқан. Осы жаңалықтардың барлығы департаменттің жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

Университет түлегі, ақын Нұрлан Оразалин білім ордасының басшысы Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен іске асырылып жатқан жұмыстарға жоғары баға беріп, алдағы уақытта ректордың арнайы шақыртуымен көшбасшылық дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөлісетінін атап өтті.

Кездесу соңында қонақтар ҚазҰУ Ақпарат және коммуникациялар департаментінің ұжымына шығармашылық табыс пен үлкен жетістіктер тіледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -