Елордада «Қызжылаған» қойылымы сахналанды

24838

Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында жазушы, драматург, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» пьесасы негізінде «Қызжылаған» қойылымының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қойлым Семей ядролық полигонында болған сынақ салдарынан мүгедек болып, өспей қалған қыздың өмірі жайында. Автор кейіпкердің тағдыры арқылы қазақтың басындағы қасіретті бейнелейді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Полигон кесірінен жарымжан болып қалған жандардың суреттері қойылған фотокөрмеден алғаш рет Еңліктің суретін көрдім. Бала бейнеде өспей қалған жасөспірім періште қыздың суреті маған үлкен әңгіме жаздырды. Ол спектакльге айналды, ол кинофильмге айналды, ол қуыршақ театрында ойналды. Егер Тәуелсіздік болмағанда бұндай жабық тақырыптарды мен жаза алмаған болар едім. Тәуелсіздіктің арқасында ашық жазып, жұртқа жеткізе алдық. Тәуелсіздігіміз мәңгі, ғұмырлы болсын. Мен өзім Еңлікті бүгін бірінші рет өмірде көріп тұрмын, айналайын ғұмыр жасың ұзақ болсын, періше қыз!» - деді шығарма авторы Роза Мұқанова.

Шынайы оқиғаға желісіне негізделген сахналық қойылым – ядролық сынақ полигонының салдары, одан бөлек адам мен табиғаттың өзара үйлесімділігін және адамгершіліктің қай дәуірде де адам жанының жауhары екендігін көрсетеді.

«Спектакль Семей ядролық сынақ полигонының зардабын қазақ даласы әлі күнге дейін кешіп келе жатқандығын. Бұл жерде тек қана тәннің немесе табиғаттың экологиясы емес, адам жанының экологиясы жөнінде де проблемасын қозғайды. Бұл әлемнің тағдыры. Бұл адамзаттың тағдыры. Осы бір ерекше жандарды сахнадан көрсету арқылы, қоғамға жақсы көзқарас танытуға алып келуіміз керек», – деді қойылымның режиссері Абзалбек Асхатұлы.

Қойлымды бастан-аяқ «Қанаттылар» инклюзивті театрының өнерпаздары қойып шықты. Тетар өнерпаздарымен сахналаған «Қызжылаған» қойылымы ерекше режиссерлік шешімімен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Қойылым соңында жиналған жұртшылық өнерпаздарға алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -