ТЖМ әуе техникасы Атырау облысында қамыстың жануын сөндіруде, деп хабарлайды DKnews.kz.
ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ су төгу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағымен өрт ошақтарына 27 рет, жалпы көлемі 81 тонна су төгілді. Өрттің елді мекендерге таралу қаупі жоқ.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД жеке құрамынан және «Ақжайық» МТР қызметкерлерінен, жалпы есеппен 52 адам және 10 техника, сондай-ақ ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды.
Оқиға орнында уақытылы ақпарат алмасу мақсатында командалық-штабтық автокөлік арқылы байланыс орнатылды.
Қазіргі уақытта 20 га аумақтағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.