«Каусар Несие» микрофинанстық ұйымы» ЖШС микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрды

10571

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (Агенттік) Алматы қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 27.10.2022 жылғы № 86 бұйрығына сәйкес «Каусар Несие» микрофинанстық ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (МҚҰ) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясының қолданысы 1 айлық мерзімге тоқтатыла тұрды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес уәкілетті органның жазбаша ұйғарымын орындамау лицензияны тоқтата тұру үшін негіз болды.

«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 7-тармағының талаптарына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуына, оның ішінде микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың қолданылу мерзімін ұзартуына және оларды микроқаржы ұйымының міндеттемелері мен жауапкершілігін, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері мен жауапкершілігін ұлғайтуды көздейтіндей етіп өзгертуіне тыйым салуға алып келеді. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы тоқтатыла тұрған микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.

Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес МҚҰ алдындағы міндеттемелерінің орындалуын бұзғаны үшін жауапкершілік атқарады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -