Сот өткен жылдың қазан айында Талғар қаласында болған кәмелетке толмаған Шерзат Полатты өлтіру туралы істі қарауды аяқтады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сот ашық өтті, процесті онлайн режимінде бақылауға барлық жағдай жасалды.
Біз соттан Абзал Шынасылды 23 жылға, Равиль Сакиевті 20 жылға, Азамат Тоқтаубаевты 15 жылға бас бостандығынан айыруды, ал қалғандарына Қылмыстық заңнамаға сәйкес бұзақылық бойынша ең жоғарғы жазаны тағайындауды сұрадық.
Іс материалдарына сәйкес және сотта анықталғандай Шерзаттың өліміне әкелген жалғыз соққыны Шынасыл Абзал жасаған. Сондай-ақ, ол Сакиевпен бірге Шерзаттың ағасы жәбірленуші Гаипбаевқа пышақпен соққы жасап, өлтіруге оқталған.
Іс бойынша екі тәуелсіз сот-медициналық сараптама жүргізілді. Екі сарапшыдан да сотта жауап алынды. Олар бір ауыздан Шерзаттың өлімі пышақпен сол жақ өкпесін зақымдаған жарақаттан, яғни осы жарақаттың салдарынан көп қан жоғалтудан болғанын көрсетті.
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, төбелестің басқа қатысушылары соққылар денсаулыққа зиян келтірмейтін зақым ретінде бағаланған. Бұл зақымданулар мен жәбірленушінің өлімі арасында байланыс жоқ екенін анық көрсеткен.
Осылайша, қайғылы оқиғаның хронологиясы толық қарастырылып, барлық дәлелдемелер зерттелді. Біз тек заңнаманың нормаларын басшылыққа алдық.
Куә ретінде жауап алынған екі қыз Нурбекова мен Жақсыкелді және бұдан бөлек Қазакенов пен Рузбакиевке де қатысты біз соттан жеке қаулы шығарып, олар бойынша процессуалдық шешімін қабылдау үшін Алматы облысының полиция Департаментіне жолдауды сұрадық.