Оралда боздақтарды еске алған «Мәңгілік сапта» акциясы өтті

3157
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы «Батыс өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінде қызметтік борышын өтеу барысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған «Мәңгілік сапта» атты патриоттық акция өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл тағылымды іс-шара 2016 жылғы маусым айында Ақтөбе қаласында орын алған қайғылы оқиғаның тоғыз жылдығына орай ұйымдастырылды. Ел жадында мәңгі сақталған сол бір сұрапыл сәтте террористік шабуылға төтеп беріп, бейбіт тұрғындарды аман алып қалу жолында Ұлттық ұланның үш бірдей жауынгері — қатардағы Досбол Сапар, кіші сержант Берікжан Қалиев және майор Даниэль Майлыбаев ерлікпен қаза тапқан болатын.

Митингке әскери бөлімнің жеке құрамы мен Ұлттық ұлан ардагерлері қатысты. Іс-шара барысында бөлім командирі, полковник Өміржан Сахатов сөз сөйлеп, ерлікпен қаза тапқан қарулас бауырлардың жарқын бейнесі мен қайсар мінезі туралы тебірене айтты:

Олар ең қымбат – өз өмірлерін Отан үшін құрбан етті. Бұл — нағыз ерліктің, әскери антына адалдықтың жарқын үлгісі. Біз олардың есімін ұмытпай, әрқашан мақтанышпен еске алуымыз керек

Митинг аясында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алынып, мемориал алдына гүл шоқтары қойылды. Ізін ала бөлімнің жауынгерлері сап түзеп, салтанатты маршпен өтіп, ерлік рухын паш етті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -