Ғалымдар саяси науқанда белсенділік танытады

808

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев ҚР Ұлттық ғылым академиясы Әлеуметтану бөлімінің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Жиынды ҚазҰУ ректоры, ҚР ҰҒА Әлеуметтану бөлімінің басшысы Жансейіт Түймебаев ашты. Академик алдымен елімізде жүріп жатқан үгіт-насихат жұмыстарының маңызын атап өтіп, ғалымдарды саяси науқанда белсенділік танытуға шақырды.

«Бүгінгі өркениет өлшемі ғылым мен білімнің даму көрсеткішіне тікелей байланысты. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды қалыптастыруда, бәсекеге қабілетті қуатты экономика құруда ғылымның ықпалы зор болуы тиіс» Жансейіт Түймебаев

Сондай-ақ қазіргі уақытта Әлеуметтік бөлім мүшелері қоғамдық және гуманитаралық ғылым салаларының көптеген бағыттары бойынша табысты жұмыс атқарып отырғанын айта келе, қоғамдағы әлеуметтік проблемалар сан салалы терең зерттеулерді қажет ететінін алға тартты.

Басқосуда сөз алған ҚР ҰҒА президенті, академик Мұрат Жұрынов ҚР Ұлттық ғылым академиясы қызметінің ерекшеліктері мен отандық ғылымды дамытудағы орнына кеңінен тоқталды. Өз сөзінде ғылымға арналған шығындар 2025 жылға қарай ЖІӨ-нің 1 пайызына дейін өсетінін тілге тиек етіп, Жаңа Қазақстанда ғылымның тың қарқынмен дамуы күтілетінін жеткізді.

«Қазіргі таңда Қазақстанның халықаралық беделі жоғары. Елімізді әлем Кіндік Азияның лидері деп таниды. Алдағы жеті жылда еліміз көптеген жетістіктерге қол жеткізеді деп сенеміз» Мұрат Жұрынов

Бұдан бөлек, жиында ҚР ҰҒА академигі, тарихшы Мәмбет Қойгелдиев ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы аясында қоғамдық-гуманитарлық ғылымды одан әрі дамыту бойынша баяндама жасады. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі, академик Кәрімбек Құрманалиев гуманитарлық ғылым мен тіл тұғырын үрдітудегі негізгі басымдықтарды талдады.

Алқалы жиын барысында Әлеуметтік бөлім академикетрі мен корреспондент-мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты талқылап, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -