ҚазҰУ жас ғалымдарының жобасы Мемлекет басшысына таныстырылды

679

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің инженері, PhD докторы Алдияр Ағышев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыда студенттермен және жас ғалымдармен өткен кездесуіне қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Кездесу барысында Президент елдегі ғылым мен жоғары білімнің дамуына баса назар аударды.

«Ғылым алып индустрияға айналды. Бұл сала бүкіл экономиканы жаңа деңгейге көтеретін сектор ретінде қалыптасып келеді. Біз осы әлемдік үрдістен шет қалмауымыз керек. Еліміз талай жыл бойы негізінен мұнайға арқа сүйеп келді. Бірақ қазір – заман басқа. Табиғи байлықтың емес, адам капиталының маңызы артқан дәуірге қадам бастық» Қасым-Жомарт Тоқаев

Жүздесуде ҚазҰУ-дың жас ғалымы бүгінгі күні ғалымдарға, ғылым саласына мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп отырғанын айта келе, оқу орнында қолға алынған жобаны таныстырды.

«Біздің жоба – нанокомпозитті суперконденсаторларды әзірлеу технологиясы, яғни отандық аккумуляторларды даярлап, қолданысқа енгізу. Аталған конденсаторлар автокөліктердің аккумуляторларының баламасы ретінде, ұялы телефонды және өзге де тұрмыстық техникаларды жаңаша қуаттандыруға пайдалануға мүмкіндік беретін болады» Алдияр Ағышев

Зерттеушінің айтуынша, отандық өнімнің ерекшелігі әдеттегі аккумуляторларға қарағанда салмағы жеңіл, жұқа және қолданылу мерзімі ұзақ болмақ. Конденсаторлардың қолданбалы қасиеттері шетелдік баламаларынан кем емес, ал ішкі нарықтағы артықшылығы – екі есе төмен баға.

Бұл технология бүгінде Қазақстан Республикасының патентімен қорғалған. Қазіргі таңда өндірісті іске қосу мәселесі талқылануда.

«Біздің басты мақсатымыз – жобамызды, қазіргі заманның сұранысына ие болған IT саласының өндірісіне енгізіп, экспорттық нарыққа шығару» Алдияр Ағышев
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -