«Бір ел – бір кітап» акциясын қорытындылау

20922

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел - бір кітап» акциясын қорытындылау өтті.

Қазақстанда "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы базасында өткізіліп келеді.

Акцияның міндеті - қазақ әдебиетін дәріптеу, қоғамның оқуға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету.

2022 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының кітабымен мемлекет қайраткері, ғалым, ақын, публицист, ағартушы және реформатор Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми және әдеби шығармашылығы жарияланды. Осылайша, 2022 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясына сәйкес елімізде Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығын келесі бағыттар бойынша зерттеді:

  1. «Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы»,
  2. «Ахмет Байтұрсыновтың әдеби шығармалары»,
  3. «Ахмет Байтұрсыновтың қанатты сөздері мен сөз тіркестері»,
  4. «Қазіргі ғылымдағы Байтұрсынтану».

Ал 2023 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді.

Сонымен қатар «Бір ел – бір кітап» акциясына балаларға арналған бөлімін ашу қарастырылды. Себебі, балалар әдебиетін де оқу маңызға ие.

Шара соңында Көкшетау облыстық «El-jastar» театры.

Алаш зиялылары мен Ахмет Байтұрсынұлының қасіретті тағдырын көрсететін көрініс сахналады.

Шараға жазушы Әлібек Асқар, филология ғылымдарының докторы, Серік Негимов, Белорусь Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары (Белорус елі) Стельмах Елена Анатольевна, Ресей мемлекеттік кітапханасының бас директоры (РГБ) Дуда Вадим Валерьевич, М.И.Рудомино атындағы шет елдер әдебиеті кітапханасының бас директорының орынбасары Белоколенко Мария Владимировна, Беларусь Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры Книжникова Оксана Юрьевна, Тәжікстан Республикасының Ұлттық Кітапханасы, Қырғыз Республикасының Халықаралық университеті, Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасы, С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Әбілмәжінова Бейбіткүл Мағжанқызы, Ш.Уәлиханова атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Әбдінова Эльмира Елусізқызы, Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Измухамбетова Сара Салахатдиновна, А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының директоры Шагиева Бибігүл Жамбылқызы, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Мыңжас Нұрлыбек, Астана қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Мадибаева Гульбадан Сактаповна, Ахмет Байтұрсынұлы мұражайының жетекшісі Алтын Момысқызы, Ақмола облыстық ғылыми әмбебап кітапхана директоры Қуаныш Оспанов, журналист, балалар жазушысы Серікбол Хасан және зиялы қауым өкілдері, қала қонақтары мен кітапхана оқырмандары қатысты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -