Биылғы жылы қыс Қазақстанға қараша айының соңында келді, ауа-райының нашарлауы және күрт салқындауы барлық Қазақстандықтарды таң қалдырды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Желтоқсан айында ауа температурасы төмендей береді, қар мөлшері артады.
Таяу күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, қар, жаяу бұрқасын, желдің 15-25 м/с дейін күшеюі, еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында қатты қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Республиканың батысы мен қиыр солтүстігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Содан кейін Салехард аудандарынан арктикалық суықтың тағы бір бөлігімен ауа температурасы төмендейді:
- еліміздің батысында түнде -13-23°C дейін, күндіз -5-15°C дейін;
- солтүстікте және орталықта түнде -25-33°C дейін, күндіз -12-25°C дейін;
- шығыста түнде -25-37°C дейін, күндіз -17-23°C дейін;
- оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -10-22°С дейін, күндіз -3-13°С дейін.
Бірінші онкүндіктің соңында Скандинавия аудандарынан циклон тұрақсыз ауа райын тудырады, ҚР солтүстік-батыс өңірлерінде, содан кейін елдің қалған аумағында аяздың әлсіреуіне әкеледі.
Болжам бойынша 2022 жылғы желтоқсанның екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының жиі өзгеруі күтіледі, аязды күндер жылы күндермен алмасып отырады, сонымен бірге қармен, бұрқасынмен және екпінді желмен күтіледі, ҚР-ның оңтүстік жартысында жауын-шашын көбіне жаңбыр және жылбысқы қар түрінде болады деп болжанады. Сондай-ақ, көктайғақ құбылыстары мен тұман жиі байқалады.
Бір ай ішінде циклондық белсенділіктің әсерінен бірнеше қарқынды жылу толқындары күтіледі, ал солтүстік-батыс антициклондардың енуі кезінде бірнеше суық толқындар болжанады. Осылайша, желтоқсан айында ауа температурасының ауытқуы жиі байқалуы күтіледі:
- ҚР солтүстік жартысында түнде -25-35°С-тан -5-13°С-қа дейін, күндіз -15-25°С-тан 0 -5°С-қа дейін.
- ҚР оңтүстік жартысында түнде -17-23°С-тан -5+2°С-қа дейін, күндіз -5-10°С-тан +3+10°С-қа дейін.
Жалпы, болжам бойынша желтоқсан айында республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы норма шамасында, республиканың қыир батысында, солтүстігінде нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде.
Желтоқсан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде - нормадан көп, еліміздің шығыс бөлігінің басым аймағында, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста норма шамасында болады деп болжануда.
Бір айға арналған болжамды консультативтік ретінде пайдалану керек, ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндік, апталық және 1-3 тәулікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.