Нарық субъектісі жосықсыз бәсекелестік үшін айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

434

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Департаменттің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 24-НҚ бұйрығы негізінде «Орда Строй Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – Серіктестік) қатысты 2021 жылғы 14 маусым мен 2022 жылғы 5 қазан аралығындағы кезеңге Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 182-бабында көзделген көрінеу жалған, жосықсыз және анық емес жарнама белгілері бойынша Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактілері бойынша тергеу жүргізілді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Тергеу барысында елорданың ғимараттарының (құрылыстарының) сыртқы беттеріне орналастырылған сыртқы жарнама бойынша Серіктестік «Orda Invest Corporation» ЖШС-не тиесілі «Orda Invest» сауда маркасын пайдаланғаны анықталды.

«Олимпийский» тұрғын үй кешені мен «Әсем тас 2» тұрғын үй кешені құрылыс алаңдарының сыртқы қоршауына орнатылған баннерлерде «Orda Invest» сауда маркасы қолданылған.

Бұл ақпарат осы нысандарды салушы «Orda Invest» салатындай қабылданған.

Алайда, «Олимпийский» тұрғын үй кешенін салушы «Олимпийский» ЖШС, ал «Әсем тас 2» тұрғын үй кешенін салушы «Asem Tas Development» ЖШС болып табылады.

Осылайша, Серіктестіктің жарнамасы көрінеу жалған, жосықсыз және анық емес болып табылады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Департаментпен Серіктестікке қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 163, 744, 802, 803, 804, 806-баптарына сәйкес 163 бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Қазіргі таңда Серіктестік ӘҚБтК-нің 810-бабына сәйкес айыппұл сомасының 50 пайызын, атап айтқанда 306 300 теңгені құрайтын айыппұлды толығымен өтелді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -