Қарағандыда балалардың қауіпсіздігі, отбасылық тәрбие және салауатты өмір салты мәселелері талқыланды

824

Қарағандыда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі екі облыстық комиссияның бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың проблемалары талқыланды. Күн тәртібіне ерлердің репродуктивті денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері де кірді.

Комиссия мүшелері қоғамда өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру қажеттігі туралы айтты. Олардың пікірінше, салауатты өмір салтын ерте жастан бастап қалыптастыру қажет.

Спикерлер сонымен қатар отбасын саналы жоспарлау принциптеріне назар аударды.

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушысы әлеуметтану магистрі Татьяна Резвушкина ерлердің репродуктивті денсаулығы мәселесін көтерді.

– Бала тууға ер адамдардың емес, тек әйелдердің репродуктивті жүйесі жауапты деген гендерлік стереотип әлі де бар. Қазақстандық ер адамдар репродуктивті денсаулықты анықтау үшін міндетті скринингтен өтпейді және бұл баласы жоқ жұптардың жалпы санына әсер етеді, – деп атап өтті Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі.

Отырыста балалар қылмысы мен балаларға қатысты қылмыстардың жай-күйі, «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясын өткізу туралы әңгіме қозғалды.

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов өз бастамаларымен қоғамның назарын өзекті мәселелерге аударуға тырысатын азаматтық сектордың белсенділігін атап өтті.

– Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы – бірінші кезектегі міндеттер. Мемлекеттік құрылымдардың, ҮЕҰ, ата-аналар қоғамы мен бизнестің күш-жігерін біріктіре отырып, барлық мәселелерді шешуге болады, – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Отырыста жергілікті әкімдіктерге қысқы кезеңде оқушыларды тасымалдау, ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -