Қазақ Ұлттық университетінде «Үржар сәуегейі» мен «Тақсай ханшайымы» ескерткіштерінің көрмесі ашылды

1109

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде белгілі суретші-реставратор Қырым Алтынбековтің 70 жылдығына арналған «Тарихи-мәдени мұра нысандарын қалпына келтіру және реконструкциялау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Конференцияда Мәдениет және спорт министрі Д.А.Абаевтың, әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы–ректоры Ж.Қ.Түймебаевтың құттықтау хаттары оқылды. Сонымен қатар Қырым Алтынбековке университеттің «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.

Конференция барысында Қазақстан Суретшілер академиясының президенті Амандос Ақанаев, Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Ақан Оңғар және Орталық мемлекеттік музейдің, «Таңбалы» қорық-музейінің, «Есік» музейінің, «Берел» музейінің директорлары және т.б. ғалымдар мазмұнды баяндамалар жасады.

Бұдан кейін Қырым Алтынбеков реставрация жасаған тарихи-мәдени дүниелердің арнаулы көрмесі ашылды. Онда еліміздің ежелгі және ортағасырлық тарихын паш ететін бірегей археологиялық материалдар ұсынылды.

Автордың тылсым бояуға толы, әдемілік пен шеберлік біте қайнасқан туындылары көптің көзін сүйінтті.

Бірегей көркем-тарихи, тың туындылардың арасында жарқырап көзге түсетін «Үржар сәуегейі» мен «Тақсай ханшайымы» реконструкциялары көрмеге келген жұрттың қызығушылығын арттырды. Әшекейлердің ішіндегі ең маңыздысы сәукелеге ұқсас бас киім болды. Алтынды «мүйіз» ою-өрнегімен безендіріліп, алтын және бағалы тастар мен көмкерілген. Ғалымдар бұл құнды жәлігер ханшайымның бас киімі болған деген тұжырымды айтады. Өткен тарихтан жеткен көзтартарлық туындыларға көз жүгіртсеңіз, сол замандағы арулардың нәзіктік пен қайсарлығын нағыз көркем-шеберлікпен жасап шығарған. Бір қарағаннан-ақ, бар сұлуға тән жайдары мінезімен бірге жүрегінде өр рухы, қайсарлығы бар екенін байқаймыз.

Тарихи тағылымы мол көрмені барша көрермен ҚазҰУ музейінен бір ай бойы тамашалай алады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -