Менің отбасымның тарихы – Отанымның тарихы

2198

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Тұңғыш Президент кітапханасында «Менің отбасымның тарихы – Отанымның тарихы» шежіре шеруі өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Қазақ халқы әрқашан түп-тегіне, туыстық байланысқа ерекше назар аударып, ата-бабаларын әрдайым еске алып, құрметтейтін. Әр қазақ жеті атасын жатқа білді. Бесіктен қаланған осы қағидалар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, шежіре жүйесі әр әулетте тәрбие көзіне айналды. Бүгінде осы дәстүрдің жалғасқаны қуантады. Отбасының рөлі текті тұлғаны қалыптастыру үшін ғана емес, сонымен бірге қоғам мен жалпы мемлекеттің дамуы үшін де өте маңызды. Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев атап өткендей, «Берекелі әрі бақытты отбасы – қуатты елдің тірегі» Ботагөз Қайыпова, Тұңғыш Президенті кітапханасы директорының орынбасары 

Шеру барысында № 5, 54, 56, 62, 82, 86 алты балабақшаның тәрбиеленушілері өз отбасыларының тарихы және жеті атасының шежіресімен таныстырды. Бұған ата-аналары, ата-әжелері көмектесті. Байқауға қатысушылар отбасыларының шежіресін картина мен панно, бейнероликтер және театрландырылған көріністер түрінде көпшілік назарына ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша «Үлгілі отбасы» номинациясымен – Жиделеевтер отбасы (№82 «Айару» б/б), «Тату отбасы» номинациясымен – Үсеновтар отбасы (№56 «Береке» б/б), «Өнегелі отбасы» номинациясымен – Керімше отбасы (№54 «Нұр-ай» б/б), «Өнерлі отбасы» номинациясымен –Бекжановтар отбасы (№86 «Зияткер» б/б), «Тарихы терең отбасы» номинациясымен – Ирсалиевтер отбасы (№62 «Нұрсәуле» б/б), «Мерейлі отбасы» номинациясымен – Серік әулеті (№5 «Ақбота» б/б) марапатталды.

Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -