Жас суретшілердің туындылары өзіндік сюжеттерімен ерекшеленеді және олардың шығармашылық ізденістерін көрсетеді

1872

Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының «Жұлдыз» балалар өнер мектебі оқушыларының «Шығыс самалы» атты дипломдық жұмыстары көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Жоба 2018 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан Кітапхананың «Туған өлкем» балалар шығармашылығын қолдау жөніндегі республикалық бағдарлама аясында ұйымдастырылды. Бағдарламаның мақсаты – жас таланттарды анықтау және қосымша білім беру ұйымдарының жұмысын насихаттау.

«Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Осыған орай Тұңғыш Президенті кітапханасы кішкентай қонақтарымызға арнайы көптеген фестивальдар, байқаулар, көрмелер мен шеберлік сабақтарын өткізді. Біздің бүгінгі көрмеміз Кітапхананың Қазақстандағы Балалар жылына арналған іс-шаралар топтамасын аяқтады. Сіздің назарыңызға ұсынылып отырған еңбектерде халқымыздың фольклоры мен тарихи мұрасын терең түсіну айқын байқалады. Жас суретшілердің туындылары өзіндік сюжеттерімен ерекшеленеді және олардың шығармашылық ізденістерін көрсетеді» Бақытжан Темірболат, ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры

«Шығыс самалы» көрмесінде «Жұлдыз» БӨМ тәрбиеленушілерінің 50 туындысы, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы өнер музейінің қорынан «Жастар шығармашылығы» аттық облыстық байқауында жүлделі орындарға ие болған 3 сурет ұсынылды. Пандемия кезеңінде де (2019-2021 жж.) көркемсурет бөлімінің оқушылары онлайн форматта халықаралық байқауларға белсенді қатысты. Көрермендердің назарына вернисажда Испаниядағы «Dali' s Mustache» бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер бойынша халықаралық байқау жеңімпаздарының 7 жұмысы ұсынылды, 1 және 2 орын иелерінің жұмыстары интернет-галереяда орналастырылды.

Көрменің ашылу күні Астана қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының тәрбиеленушілері үшін «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің педагогтары суреттің тұтастығын қабылдау мен қиялын дамытуға бағытталған графикалық сурет салу бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

Көрме 2023 жылдың 8 қаңтарына дейін жалғасады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -