Қытай нарығына отандық кәсіпорындар үшін электрондық сауда шекаралары кеңеюде

5383

2022 жылғы 12 желтоқсанда Ханчжоу қ. (Чжэцзян өлкесі) алғашқы «Жаһандық цифрлық сауда көрмесі» ашылды. Іс-шараға электрондық коммерция саласындағы жетекші әлемдік компаниялар – «Alibaba Group», «Amazon», «JD.com», «eBay Inc.» және басқа да 800-ден астам қытайлық және шетелдік салалық кәсіпорындар қатысуда, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Көрме аясында Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі мен ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ұйымдастыруымен онлайн форматта «QazTrade» АҚ мен «Alibaba.com» арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Қол қою рәсіміне ҚР сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Төребаев пен ҚХР Коммерция министрінің орынбасары Шэн Цюпин қатысты.

Меморандум отандық өндірушілерге Export to China жаңа бірлескен жобасы бойынша өз өнімдерін Қытай нарығына экспорттауға жәрдемдесуге бағытталған.

Аталған жоба «Alibaba Group» арналары арқылы Қытайда одан әрі тарату үшін қазақстандық тауарларды тікелей сатып алу мәселесін ұйымдастыруды көздейді. Жобаға қатысу ҚХР-дың ірі «Alibaba Group» электрондық коммерция кәсіпорнымен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа мүмкіндік береді, қазақстандық тауарлардың Қытай нарығындағы өкілдігін кеңейтеді және Қытайдағы экспорттық сатуды ұлғайтуға бағытталатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -