Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ өткен жылы TAVI операциясы жасалған науқасты 95 жасқа толуымен құттықтады

9834

Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ дәрігерлері өткен жылдың наурыз айында қолқа қақпақшасын транскатетерлік имплантациялау (TAVI) операциясы жасалған Валентин Ниді тексеріп-қарады. Бір апта бұрын Валентин Хаксунович 95 жасқа толды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Біздің клиниканың интервенциялық кардиологтары, рентгенхирург дәрігерлері 2016 жылдан бастап аорталық қақпақшаны эндоваскулярлық имплантациялау бойынша жоғары технологиялық кардиологиялық операцияларды сәтті жүргізуде» Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы, профессор, м.ғ.д. Роза Қуанышбекова
«Жаңа мүмкіндіктер мен инновациялық тәсілдердің арқасында біз пациенттердің өмірін сақтап, өмір сапасын ұзартып, жақсартуға ықпал ете аламыз. Пациенттердің үйлеріне сау оралуы біз үшін үлкен қуаныш. Біз Валентин Хаксуновичті туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз және зор денсаулық пен ұзақ өмір тілейміз!» Роза Тохтанәліқызы

Бірінші басшының сөзін қолдай отырып, рентгеноперблок меңгерушісі Алексей Колесников:

«Қолқа стенозы бар науқастарға қолқа қақпақшасын ауыстыру бойынша кардиохирургиялық операциялар жасауға болмайды. Бұл науқастарда кенеттен өлім қаупі жоғары. Ал TAVI - қолқа қақпақшасын жасанды биологиялық қақпақшамен ауыстырудың заманауи, аз инвазивті әдісі. Осының арқасында оңалту уақыты қысқарып, науқастар қалыпты өміріне тезірек оралады. Біз бір жыл 8 айдан кейін Валентин Хаксуновичтің өзін жақсы сезінгеніне қуаныштымыз. Оны енді ентігу, бас айналу мен кеудедегі ауырсыну мазаламайды, қан қысымы да қалыпқа келді» Алексей Колесников

«Науқастағы қолқа қақпақшасының биопротезін тексердік – ол қанағаттанарлық жұмыс істейді, барлық көрсеткіштер қалыпты, операциядан кейінгі асқынулар жоқ» Функционалдық және ультрадыбыстық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Ақжан Қонысбекова

Валентин Хаксуновичтің өзі ҒЗИ басшылығына және дәрігерлерге, олардың кәсіби шеберлігі, «алтын қолдары» мен қамқорлығы үшін шексіз алғысын білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -