ҚР Ұлттық экономика министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссияның құжаттарынан кейбір нормаларды алып тастауды ұсынды

807

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы шеңберінде Алматыда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономика министрліктері басшыларының кезекті кеңесі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға:

  • Қазақстан тарапынан Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров
  • Қырғызстанның экономика және Коммерция министрі Данияр Амангелдиев
  • Арменияның экономика министрі Ваган Керобян
  • Беларусь экономика министрінің орынбасары Алеся Абраменко
  • Ресейдің экономикалық даму министрі Максим Решетников

ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьев қатысты.

Кездесу барысында Ресейдің ЕАЭО органдарындағы төрағалығының басымдықтары туралы ақпарат ұсынылды (А.ж. 1 қаңтардан бастап Ресей бір жыл бойы ЕАЭО органдарында төрағалық етеді). Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар Комиссияның ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 2035 жылға дейінгі экономикалық дамуының негізгі бағыттарының жобасы туралы баяндамасын тыңдады.

ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі І.Өсеров атап өткендей, экономикалық интеграцияны ЕАЭО туралы шартқа қатаң сәйкестікте және ұлттық мүдделерді ескере отырып, жетілдіру керек. Бұл Қазақстанның ЕАЭО-дағы ұстанымы.

Одақтың 2035 жылға дейінгі экономикалық дамуының негізгі бағыттарының жобасы сараптамалық пысықтауды қажет етеді, деді ол.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Стратегиялық жоспарлау және технологиялық болжау және ғылыми-техникалық прогресті стратегиялық жоспарлау жүйесі жөніндегі нормаларды алып тастауды ұсынды. Себебі ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттердің Стратегиялық жоспарлау жүйелері бар.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -