21186

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқырмандар  санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, оларды отансүйгіштік пен толеранттылыққа тәрбиелеу мақсатында Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Құрметтің ізгілігі – алғыс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Үстел басына еліміз үшін әр жылдары аянбай еңбек етіп, жанын пида еткен және бүгінгі күннің батырлары, ішкі істер органдарының ардагері, Тараз қалалық өзбек этно-мәдени орталығының  төрағасы Абдурахман Зайнутдинов, Ауған соғысының ардагері Доғдырбай Ботантаев, мәдениет саласының ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы»  қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, сазгер Дүйсенәлі Бықыбаев, «Желтоқсан ақиқаты» патриоттық қозғалыс Республикалық Қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық және Тараз қалалық филиалдарының төрағасы Санат Қонарбаев, «Жауынгерлік ерлігі үшін» төс белгісінің иесі 5513 әскери бөлім командирінің орынбасары подполковник Рустем Сайдуов, III дәрежелі «Айбын» кеуде белгісінің иегері аға маман (аға жүргізуші) кіші сержант Данияр Құрманбаев қатысты.

Қатысушылар сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күнінде 1 наурыз – қазақстандықтардың патриотизмі, бірлігі мен достығының  жарқын мерекесі екенін айтып, барша халқымызға алғысын білдірді.

Капитан Динара ЖАҚСЫБАЕВА,

5513 әскери бөлімі

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -