Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры болып заң ғылымдарының докторы, доцент, профессор Ляззат Қалымбекқызы Еркінбаева тағайындалды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ләззат Еркінбаева 1989 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ды заң факультетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын азаматтық құқық кафедрасының лаборанты болып бастаған Ляззат Қалымбекқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры дәрежесіне дейін көтерілді.
Ләззат Еркінбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ табиғат ресурстық және экологиялық құқық кафедрасы мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасын басқарған.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі бірінші проректоры қызметін абыроймен атқарып, басқарушылық бағытта мол тәжірибе жинады.
Ләззат Қалымбекқызы Еркінбаева бүгінге дейін ҚазҰУ Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушысы лауазымында жұмыс істеді.




Лаззат Қалымбекқызын жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтай отырып, жұмысына табыс тілейміз!