ҚазҰУ-да жас ғалымдар байқауының жеңімпаздары марапатталды

47861

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғылым апталығы аясында жас ғалымдар байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, «Tanmedia Group» директорлар кеңесінің төрағасы, ҚазҰУ Директорлар кеңесінің мүшесі Арманжан Байтасов, Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының Президенті Арман Қашқынбеков, оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен жас ғалымдар қатысты.

Байқау жеңімпаздарын университет ректоры Жансейіт Түймебаев құттықтап, жас ғалымдардан болашақта үлкен үміт күтетінін жеткізді.

Студенттік бизнес-инкубаторлардың үздік инновациялық жобалары байқауының жеңімпаздарына сертификаттар табысталды.

Өз кезегінде іс-шараға қатысқан Арманжан Байтасов пен Арман Қашқынбеков сөз сөйлеп, байқау жеңімпаздарын құттықтап, ғылыми ізденістеріне табыс тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -