Жаңа Қазақстанның жетістігі тиісті қоғамдық дискурссыз мүмкін емес.
2022 жылғы 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» жолдауында ел дамуының басымдықтарын жариялады. Бұл Жолдау бұрынғылардан түбегейлі түрде ерекше болды, өйткені ол қайғылы қаңтардағы оқиғалардан кейін айтылды және саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістердің перспективаларын анықтады. Жолдау саяси реформалардың кезекті топтамасын айқындап, сол арқылы еліміздің тарихи дамуының мүлдем жаңа кезеңін ресімдеді. Біздің еліміздегі 2022 және 2023 жылдардағы барлық саяси жайттар Жолдаудың басындағы жолдарынан көрініс тапты.
Жолдаудың негізгі идеясы қоғамның барлық салауатты күштерін тиімді мемлекеттік басқаруды және дамыған азаматтық қоғам орнатуға бағыттайды. 2022 жылы жалпыхалықтық референдум өткізу Конституцияға өзгерістер енгізіп қана қоймай, азаматтардың әлеуметтік-саяси процестерге қатысу деңгейін көтере отырып, олардың белсенділігін көтеруді көздеді.
Азаматтардың саяси белсенділігін арттыру және оларды шешім қабылдау процесіне тарту үлкен проблемалармен байланысты екені сөзсіз. Өкінішке орай, ұзақ кезең бойы саяси билікті монополияландыру халықтың толық немқұрайлылығын қалыптастырды. Либералды реформалар кезеңінде бұл жағдай қауіпті, себебі бұл ескі модельді қайта қалпына келтіруге әкелуі мүмкін. Белсенді азшылық барлық экономикалық мүмкіндіктерге ие бола отырып, әсіресе жоғалтып алған маңызын қалпына келтіру үшін реформаларды жүргізу шатқаяқтап тұрған кезде халықтың немқұрайлылығын пайдаланып қалуы мүмін.
Осыған байланысты жастар арасында да, жалпы қоғам арасында да азаматтық көзқарасты, плюралистік мәдениетті дамытуға мүмкіндік беретін реформаторлық қоғамдық дискурсты белсенді түрде ілгерілету қажет. Біз өткізіп жүрген«Жаңа Қазақстан: әділетті қоғам» тақырыбындағы семинар-тренингтер сериясы жастардың бойында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың заманауи саяси қайта құруларының тұтас картинасын қалыптастыруға бағытталған. Жастарымыздың болып жатқан оқиғалардың қисынын түсінуі маңызды. Тұрақты өзгерістер жағдайында кең ауқымдағы аудиторияға жүргізіліп жатқан реформаларды түсіндіру қажет екені даусыз және бұл міндетті мемлекеттік органдармен және қоғамдық институттармен тең дәрежеде шешу керек.
Саяси реформалардың екпінімен көтеріліп жатқан заманауи дискурс біздің азаматтарымыздың санасында елеулі өзгерістер жасауды көздейді, онсыз Жаңа Қазақстанды құру мүмкін емес.
Қазіргі кезеңде Жаңа Қазақстанның құрылысы іс жүзінде іске асырудың бастапқы кезеңінде. Бірақ саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер динамизм мен қарқындылықтың жоғары деңгейіне жете алатындығын түсіну маңызды. Өзгерістерге тек бәсекелестік қасиеттердің арқасында ғана қол жеткізуге болады. Жаңа Қазақстанның идеалдарында прогресстің генераторы ретінде адам бірінші орынға шығады, бұл жағдай сенімділік ұялатады.
Ешмұратов А.Қ., Мәдени-ағартушылық жобалар қызметінің жетекші ғылыми қызметкері