Әдебиетке қосқан үлесін атап өтіп: "Әкім Тарази әлемі" шығармашылық кеші

42680
Фотосурет: Gov

Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстанның Еңбек ері, көрнекті жазушы, драматург Әкім Таразидың 90 жасқа толуына орай «Әкім Тарази әлемі» атты кеш өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың құттықтау тілегімен ашылған кешке мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысып, сөз сөйледі.

Жиынға қатысқан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі: «Әкім Тарази – философ, психолог жазушы. Ойшыл қаламгер күрделі шығармаларында дәуір шындығын, қоғам өмірін, адам болмысын һәм әлеуметтік-рухани мәселелерді тереңнен толғап жазады. Біртуар қаламгердің құнды туындылары уақыт безбеніне төтеп беріп, келер ұрпақтың да асыл мұрасына айналарына кәміл сенеміз», - деп атап өтті.

Әдеби-танымдық кешті Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жүргізді. Кеш аясында жазушының ХІІ томдық шығармалар жинағының және «Ауыл шетіндегі үй», «Мұстафа Шоқай» кітаптарының тұсаукесері өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -