Офицер – ержүрек мамандық иесі

72589
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Әлемде көптеген мамандық бар. Бүгін біз маңызды мамандықтардың бірі әскери қызметкер туралы сөз еткіміз келеді. Жалпы әскери тәртіп бойынша маман атану бүгінгі таңда қаншалықты маңызды? Әскери оқу орнын бітіру арқылы қандай лауазымға ие бола аласыз? Осы туралы әңгімемізді өрбітіп көрелік.

Офицер ең алдымен Отан қорғаушы, ел жағдайын ойлайтын бірден-бір азамат. Ана баласы үшін барлығын жасайтындай, офицер де елі үшін отқа күйетін жан. Сондай тұлғалардың бірегейі Ұлттық ұлан әскери Қарулы Күштерінің аға лейтенанты Медет Орысбаев пен сұхбаттастық.

– Офицер қандай болу керек?

– Офицердің ең басты қасиеті – жауапкершілік. Офицерге үлкен ауыртпашылық түседі. Өз отбасын алысқа тастап, әскери өмірді таңдап, өз Отанына қызмет ететін адам. Тіл табысу қабілеті, өз-өзіне сенімді болу керек және әр айтқан сөзінің жаны болу қажет. Өзіне берілген рота, взвод сарбаздарын басқара біліп, ұрыс тактикаларын жетік меңгеруі тиіс.

– Офицер болу үшін не істеу қажет?

– Офицер болу үшін ең алдымен орта оқу орнын бітіріп, Ұлттық бірыңғай тестілеуден өту қажет. Одан ары, әскери оқу бөліміне түсіп, Әскери өмірге үйрену міндетті.

Оқуға шамамен 4 жыл уақыт кетеді. Әрі қарай оқу орны әскери бөлімдерге жібереді. Содан кейін әскери келісімшартқа отырып, қызмет ете берсе болады. 

– Офицерлерге мемлекет қандай қолдау көрсетеді?

– Елге қызмет етіп жатқаннан кейін, әрине, мемлекеттен қолдау көрсетіледі. Мәселен, тұрып жатқан пәтерімізді төлеу үшін мемлекеттен қаржы бөлінеді. Бұл әскери қызметкерлердің өмірін біраз жеңілдетеді. Сонымен қатар, өздеріңіз білесіздер әскери қызметкерлер зейнетке ерте шығады. Бұл да Отан қорғаушыларға көрсетілетін қолдау.

– Келісімшарт бұзылған жағдайда қандай шаралар қолданылады?

– Егер келісімшарт шарттарын орындамай, уақытысынан бұрын әскери қызметті тастап кеткен жағдайда, қайта әскери салаға қызметке тұра алмайды. Одан бөлек мемлекеттен оқуға жұмсалған қаражатты қайтаруға міндетті. Егер келісімшарт шарттары толық орындалып, берілген уақытты өтесеңіз, болашақта қайта қызметке келуге мүмкіндік бар. 

6636 әскери бөлімінің аға лейтенанты Медет Орасбаевпен сұхбаттасу барысында көзінен мақтаныш сезімі байқалып тұрды. Ол мамандығының қыр-сырын мақтанышпен, сүйіспеншілікпен баяндап берді. Осындай ой мен ыстық жүрек иелері барда қазақ елінің болашағы жарқын.  

Серік ЖАУЛЫБАЕВ, студент

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -