Астанада Уәлиханов көшесіндегі учаске уақытша жабылды

5000
Фотосурет: Астанада Уәлиханов көшесіндегі учаске уақытша жабылды

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Уәлиханов көшесінде жолға орташа жөндеу жүргізуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыс Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүзеге асырылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осыған байланысты 1-7 маусым күндері Уәлиханов көшесінің А.Кравцов көшесінен А. Иманов көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол-құрылыс жұмысының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деп хабарлады жауапты басқарма.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -