Қазақ жазушысы және саясаткері: ҚазҰУ Уәлихан Қалижанның 75 жылдығын атап өтті

3751

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-журналист Уәлихан Қалижанның 75 жылдық мерейтойына арналған «Қаламгер, қайраткер, саясаткер» атты салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, жазушының қаламдас әріптестері, белгілі ғалымдар, журналистер қауымы, шәкірттері мен оқытушы-профессорлар қатысты.

Шараның ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерейтой иесіне арналған құттықтау хаты оқылды. 

Салтанатты жиынды ашып, жүргізген Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев қайраткер тұлғаның елеулі еңбек жолына тоқталды. 

«Уәлихан Қалижанұлы қара шаңырақ ҚазҰУ-да білім алып, еліміздің ақпарат саласында абыройлы қызметтер атқарды. «Ұлан», «Жас Алаш» газеттерін басқарып, қазақ баспасөзін жаңа белеске көтеріп, жас журналистерді шыңдауға тер төкті. Жоғарғы Кеңестің депутаты болып, Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары министрлігінде, Президент Әкiмшiлiгiнде жауапты қызметтер атқарды. Еліміздің бас газеті – «Егемен Қазақстан» басылымына басшылық жасап, өзіндік журналистика мектебін қалыптастырды. Парламент Мәжілісінің үш шақырылымында депутат болып, елдік мәселелерге атсалысты. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтын басқарып, рухани жобаларды іске асырды. Әдеби көркем шығармалары мен публицистикалық еңбектері оқырманның жоғары бағасын алды» Жансейіт Түймебаев

Сондай-ақ жиында мерейтой иесіне ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың құттықтау хаттары табысталды.

Қаламгер құрметіне арналған мерейтойда ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұлов, жазушы-кинодраматург Смағұл Елубай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, айтыскер-ақын Аманжол Әлтаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев және өзге де қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, Уәлихан Қалижанұлының ұлтқа қызмет ету жолындағы қаламгерлік, қайраткерлік қырын ерекше атап өтті.

Жиын соңында мерейтой иесі жиылғандарға алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -