Түркістан облысы: құтқарушылар су қоймасында 3 адамды құтқарды

2138
Фотосурет: Түркістан облысы ТЖД

101 телефонына Шардара су қоймасында демалушылардың қайықпен суға кетіп, қайта оралмағандығы туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жеткенде қайықтың ақауы салдарынан 3 адамның су ортасында қалып қойғаны анықталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Құтқару жұмысына Түркістан облысы Жедел құтқару жасағы және полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Бір сағат ішінде шұғыл қызметтер авариялық-құтқару жұмыстарын аяқтап, адамдарды жағаға шығарды. Құтқарылғандардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болған жоқ.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы еске салады. Қажет болған жағдайда «112» нөміріне хабарласыңыз.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -