Аягөз гарнизонында жазғы оқу кезеңі басталды

27401
Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімдер дабыл белгісімен көтеріліп, жазғы оқу кезеңінде жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Дабыл белгісімен көтерілген гарнизон жеке құрамы белгіленген уақытта әскери бөлімдерге келіп, жауынгерлік есеп бойынша орындалатын тапсырмаларына толықтай кірісті.

 Сонымен қатар, жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес әскери бөлімдерде тактикалық-саптық сабақтар өткізіліп, оның барысында жеке құрамды хабардар ету жүйесі және жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезіндегі басқару органдарының үйлесімділігі тексеріледі.

Саптық-тактикалық сабақтар әскери бөлімдер мен бөлімшелердің қысқа мерзімде жан-жақты дайындықта берілген тапсырманы орындауын тексеруге мүмкіндік беретінін атап өту қажет.

"Жауынгерлік даярлық апталығының негізгі мақсаты – әскери бөлімдердің жауынгерлік әзірлік деңгейін бағалау және жеке құрамға белгіленген іс-қимылдарды пысықтау. Осындай шаралар барысында біз бөлімдер мен бөлімшелерге қойылған міндетті мерзімінде орындаудың нақты мүмкіндіктерін тексере аламыз" Гарнизон бастығы подполковник Дәулет Сүттібаев

Жауынгерлік әзірлікте жеке құрамды тосыннан тексеру бүгінгі күні Қарулы Күштердің шынайы жауынгерлік әзірлігін айқындаудың пәрменді тәсілдерінің бірі. Сондай-ақ, әскерлердегі істердің шынайы жай-күйін зерделеудің маңызды үлгісі. Кенеттен тексеру кезінде бөлімшелердің іс-қимылдарының үйлесімділігіне, әрбір жауынгердің өзінің ұрыстағы іс-әрекетін білуімен шебер орындауы және өзара байланыс пен басқару мәселелеріне ерекше назар аударылады. ​​​​​​​

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -