Астанада Шаймерденов көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

2199
Фотосурет: iStock

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы С. Шаймерденов көшесінде (А62) асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмысын бастайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жұмыс қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізілуде.

Жөндеу жұмысына байланысты осы жылдың 7-22 маусымы аралығында Шаймерденов көшесінің А91 көшесінен «Метро» гипермаркетіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы үшін толығымен жабылатын болады.


Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы керек.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -