ТКШ қызметтерінің тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдаулар өткізді

1917
Фотосурет: iStock

Бүгін, алғашқы жаз айының бірінші сейсенбісінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен оның аумақтық департаменттері ұйымдастырған коммуналдық қызметтердің тұтынушыларына арналған дәстүрлі қоғамдық қабылдаулар өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қоғамдық қабылдаулар уәкілетті органның Facebook-тегі ресми парақшаларында трансляцияланды, онда әркім сұрақ қойып, оған жедел жауап алуға мүмкіндік алды.

ТМРК-да өткен қоғамдық қабылдау төраға орынбасары Нұрлан Булатбаевтың төрағалығымен өтті.

Ведомствоның негізгі салалық басқармаларының басшылары су, жылу, электр, газбен жабдықтау және т.б. тарифтердің жағдайы бойынша, оның ішінде жаңа тарифтік саясат шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша соңғы ақпаратпен бөлісті, сондай-ақ осы саясатты іске асыру үшін ведомство алдында тұрған міндеттер туралы айтылды. Бұл жұмыс инженерлік коммуналдық желілердің инфрақұрылымын жаңартуға, олардың тозуын азайтуға, коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын арттыруға және т. б. бағытталуы тиіс.

Сондай-ақ, ТМРК мамандары бүгінгі таңда аумақтық департаменттері инфрақұрылымның ең көп тозуы бар ТМС-нан келіп түскен өтінімдерін талдау бөлігінде жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Соңында әдіснама басқармасының басшысы қазіргі уақытта ведомство әзірлеп жатқан және қарап жатқан НҚА жобалары, заңға тәуелді актілер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -