20 маусымда ЭЕБ-да бос орындар жәрмеңкесі өтеді

8888
Фотосурет: enbek.kz

2023 жылғы 20 маусымда Электрондық еңбек биржасы (бұдан әрі-ЭЕБ) базасында Tanda.enbek.kz бөлімінде «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ қолдауымен Астана қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған жастарға арналған бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жәрмеңкеге қатысуға әртүрлі салалардан 25-тен астам жұмыс беруші өтінім берген. Олардың арасында «Қазпошта» АҚ, «Астана-Энергия» АҚ, «Center Beton Company» ЖШС, «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «First Heartland Jusan Bank» АҚ, Астана қаласының полиция департаменті және тағы басқалар бар.

Tanda.enbek.kz-те жұмыс берушілер өз кәсіпорындары туралы қысқаша ақпаратты, сондай-ақ бос орындар туралы мәліметті орналастырады.

20 маусымда, яғни онлайн-жәрмеңке өтетін күні жұмыс іздеушілер қолжетімді бос жұмыс орындарын көретін болады, түйіндемелерін әлеуетті жұмыс берушілерге жіберіп, компаниялардың HR-менеджерлерімен сөйлесе алады, сондай-ақ оларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюмен қатар әңгімелесуге шақырлады.

Жұмыс берушілер өз кезегінде талабына сай келетін кандидаттардың жеке базасын қалыптастырады.

Онлайн-жәрмеңкеге қатысу үшін үміткерлер жәрмеңке өтетін www.tanda.enbek.kz сайтына кіріп, тіркеуден өтуі және жеке кабинетте өзекті түйіндемесін дайындауы керек.

Алдағы уақытта Tanda.enbek.kz-те еліміздің барлық өңірлерінде тұрақты негізде онлайн бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге тіркелу жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер үшін ашық.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -