Алматы қаласының ТЖД су айдындарында рейдтік іс-шараларды жүргізуді жалғастыруда

705
Фотосурет: Gov

Алматы қаласының су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жалпы су пайдалану қағидаларын және қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің жолын кесу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті Жергілікті полиция қызметімен, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен бірлесіп Алматы қаласының акваторияларында рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Рейдтер барысында Төтенше жағдайлар департаменті демалушылармен, қала қонақтарымен әнгіме жүргізуде, онда қызметкерлер тыйым салынған шомылу орындарында шомылу өте қауіпті екенін түсіндіреді. Тыйым салу белгілерін елемеудің қауіпті екенін түсіну керек, өйткені мұндай жерлерде шомылу өте қауіпті, ал кейбір жағдайларда тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жалпы су пайдалану ережелерін бұзбауға және қаланың рұқсат етілмеген жағажайларында шомылмауға кеңес береді.

Қазіргі уақытта «Судағы қауіпсіздік» тақырыбына 1000-нан астам жаднама таратылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -