Құрғақ шөптің жануының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар

9427
Фотосурет: Depositphotos

Алматы қаласының аумағында температуралық фонның жоғарылауына байланысты табиғи өрттердің туындау қаупі айтарлықтай артып, қоршаған ортаға, экономикаға және адамдардың денсаулығына елеулі зиян келтіруі мүмкін, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алматы қаласының Алатау ауданында көктемнің басынан бері 40-қа жуық құрғақ шөптің жануы орын тіркелді.

«Ауданда Сақ қорғаны, Алматы Арена кешені маңы, Индустриалды аймақ көшесінің бойы құрғақ шөптің жану қаупі бар аймақ болып саналады. Өткен жылмен салыстырғанда өрт жағдайлары 2 есеге артты. Оған себеп көбінесе өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамау, яғни тұрғындардың шыны сынықтарын, темекі тұқылын лақтыруы немесе от жағуы болып табылады» Алатау ауданы ТЖ басқармасының аға инженері Мадияр Федоров 

Алматы қаласы ТЖ департаменті өрт қауіпті кезеңде өрттің алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізіп жатқанын атап өткен жөн. Оның ішінде құрғақ өсімдіктерді шабу бойынша жұмыстар жүргізіліп (250 га), минералданған жолақтар (100,4 км.) жасалды.

Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері тұрақты негізде профилактикалық рейдтер жүргізеді, оның барысында қала тұрғындарымен жазғы кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты департамент Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға кеңес береді:

  • демалыс орындарында өрттің шығуына себеп болатын қоқысты қалдырмаңыз;
  • таулы-орманды жерлерге барған кезде от жақпаңыз;
  • сөндірілмеген темекіні қалдырмаңыз;
  • күн сәулесі түсетін  бөтелке, шыны сынықтарын қалдырмаңыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -