Ұландықтар қырағылық танытты

10846
Фотосурет: Depositphotos

Күнделікті Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері  Орал қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жауынгерлік қызметке шығады. Олардың басты мақсаты - қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету сонымен қатар   ұрлық, бұзақылық, зорлық – зомбылықтың алдын алу.

2023 жылдың 7 маусымында сағат 17.50 шамасында әскери жасақ бастығы сержант Еламан Амангулов өзінің серіктесі қатардағы Берік Кайнешов пен бірге өзіне берілген аймақта қоғамдық тәртіпті күзетіп жүргенде, әскери жасаққа қарсы келе жатқан белгісіз азамат бірден күдік туғызады. Оның шапшаң жүргені,  сарбаздарға сезікті боп көрінеді.

Жақындай бергенде әлгі азаматты тоқтатып, әскери жасақ бастығы сержант Еламан Амангулов өзін таныстырып сыртқы тінту жұмыстарын жүргізеді. Тінту жұмыстары  барысында 6-7 см ұзын жүзді  пышақ табылды.

Ұландықтар оқиғаны дереу әскери жасақ кезекшісіне баяндап, күдіктіні Орал қаласының  ішкі істер басқармасына жеткізді. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықталуда.

Капитан  Әубакир Ертуған

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -