Жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті

9768
Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Аягөз гарнизоны Әскери полиция бөлімі Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің жеке құрамымен 2023 жылдың «Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны» кезінде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бермеу тақырыбында кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шара барысында сөз алған Аягөз гарнизоны Әскери полиция бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі аға офицері әділет аға лейтананты Тахир Жаңабеков бөлімнің жеке құрамына және комиссия мүшелеріне әкімшілік құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа жол берудің салдары неге әкеп соғарын жеткізді.

Сонымен қатар, Қарулы Күштер қатарын толықтыратын көктемгі әскерге шақырушылардың сапалы жасақталу мәселесіне баса назар аудару мен келушілер тарапынан пара ұсыну фактілері болған жағдайда, құқық бұзушылыққа бей-жай қарамай жедел түрде басшылыққа және құзырлы органдарға хабарлау керектігін ескертті.

"Бүгінгідей жемқорлықтың алдын-алу шаралары жеке құраммен жиі өткізілуі тиіс, себебі әскери орта мен қоғамда орын алып жатқан сыбайлас жемқорлықтың көрінісі қай жерде нақты болатыны беймәлім. Сол себепті осындай кездесулерді өткізу арқылы жеке құрамның теріс іс-әрекетке бармауына ой саламыз" Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің  азаматтық персоналы Әлия Абдыкаримова

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -