5000 оқушы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында тегін демалады

992
Фотосурет: Gov

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында жазғы демалыс маусымы ашылды. Бурабайдағы бас орталық пен Балқаш, Қонаев, Түркістан қалаларындағы филиалдар бұл аусымда мемлекеттік квота бойынша мыңға жуық оқушыны тегін қабылдайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ауысым - «Baldauren ART – START» деп аталады. Балалар сауықтыру шараларынан өзге шығармашылықпен айналысады. Өздерінің қалауы бойынша сурет салып, суретке түсіру, бейнемонтаж жасауды меңгереді. Олар үшін түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Сонымен қатар спорттық ойындар, тақырыптық мерекелік кештер, байқаулар, экскурсиялар ұйымдастырылған.Тәулік бойы медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, орталық пен филиалдар жаз бойы балаларды 5 ауысым бойынша қабылдайды. Әр ауысым тақырыбы да әр алуан. Балалар өз қызығушылықтарына сай ауысымдарға қатыса алады. Жаз бойы мемлекеттік квотамен 5000 бала тегін қамтылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -