888
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген Ұлттық ұланның 5514 әскери бөлімі туралы көп естіген болатынбыз. Жуырда аталмыш әскери бөлімге барып, жас та болса бас болып жүрген офицерлермен әңгімелесудің сәті түсті.  Жедел мақсаттағы 2-ші ротасының тыныс-тіршілігі туралы рота командирі «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалінің иегері капитан Жалғасбек Жанайұлы Татаев айтып берді.

–  Капитан мырза, алдымен өзіңізді танысьтырып өтсеңіз?

  – Менің есімім Татаев Жалғасбек Жанайұлы, осы  5514 әскери бөлімінің 2-ші рота командирі боламын. Аталған лауазымды 2020-шы жылы маусымнан бастап қабылдадым. Әскери ұжымды басқарып жүргенімен  екі жарым жыл болды.

– Рота командирі болу оңай ма?

- Сұрағыңызға рахмет. Жалпы бұл сауалыңызға бірден жауап беру оңай емес. Ең бірінші кезекте, рота командирі жеке құрамға жауапты. Офицер сарбаздардың өмірі мен қызмет барысына жауапты. Ол ең бірінші кезекте өзі үлгі болуы керек. Өзің тәртіпті бол, өзін жауынгерлік даярлық тұрғыдан дайын бол. Сонда артынан ерегн сарбаздар да саған қарап бой түзейді.  Атақты ақын Қадір Мырза Әлі «Өзің қандай болсаң – өмір сондай»,-деген болатын. Демек, бірінші кезекте рота командирі болу  - жауапкершілік. Адам баласына өзінді тәрбиелеу, өзіңді жөнге салу оңай ма? Өзіңіз пайымдап көріңіз.

– Тамаша жауап. Енді ротаңыз туралы айтып өтіңіз. Өткен жылы рота қандай нәтижелерге қол жеткізді?

– Өткен 2022-ші жылды алатын болсақ, былғы жарты жылдықты алсақ та, рота жеке құрамы әскери бөлім бойынша барлық бағыттарда жетістікке жеттік.

 Спорт, әскери тәртіп, жеке құрамның моральдық психологиялық жағдайы болсын, жауынгерлік қызмет атқару және жауынгерлік дайындық бойынша инспекторлық дайындықты тексеру барысында Астана қаласынан келген Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығынан тексерістерден кейін де, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығынан келген т ексеріс комиссиясының тексерісі оң нәтиже көрсеттік. Жетістіктерге жетіп, әскери бөлімнің үздік ротасы атандық.

– Жауынгерлеріңіз қоғамдық тәртіпті бұзған бұзақыларды тұтқынға алды ма?

– Бізде 5514 әскери бөлімінің жауынгерлік қызметі  –  көшедегі патрульдік посттық қызмет, Талдықорған қаласының қоғамдық тәртібін сақтауды қамтамасыз ету. Түрлі жағдайлар кездеседі. Қылмыскерлер, құқық бұзушылықтар, тәртіп бұзушылықтар. Оның ішінде ауыр қылмыстық істер де кездеседі. Жеңіл ескертулер соның ішінде тәртіп бұзушылықтар мен тәртіп бұзушылықтадың алдын алу бойынша да жетістіктерге жеттік. Оның сарбаздар мен әскери келісімшарт бойынша әскери қызметкерлер, сержанттардың үлесі бар. Сол бойынша 2022 жылы «Үздік» деген нәтижеге қол жеткіздік.

– Қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтау тақырыбын өрбітсек, Қандай бұқаралық іс-шараларда қоғамдық тәртіпті сақтау бойыншы жұмыс атқардыңыздар?

– Талдықорған қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша біз 5 ауданда қызмет етеміз. Оның ішінде әлеуметтік те, жалпы да іс-шараларға қатысамыз. Талдықорған қаласының «Жетісу» футбол клубының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Талдықорған қаласында «Жастар» саябағы бар, саябақта түрлі іс-шаралар өтеді. Мысалы, қала күні, әртүрлі кештер, мерекелер, мемлекеттік маңызы бар іс-шаралар, Жетісу облысы аумағындағы іс-шараларға қатысып, өзіміздің жауынгерлік қызметті ақтарудамыз.

– Спорт туралы әңгіме болды. Жауынгерлеріңіз қандай спорт түрінен алға шықты?

– Біздің әскери бөлімде түрлі іс-шаралар өтіп тұрады. Спорт, дене шынықтыру жағынан футбол, волейбол, ер азаматтарға тән қоян-қолтық ұрыс және самбо күрестері, әскери эстафеталар болып тұрады. Түрлі әскери сайыстарға, оның ішінде «5 сайыс» жарысына офицерлер,сержанттар,сарбаздар болсын, бәрі бірдей белсене ат салысады. Өздерінің дене шынықтыру және дене дайындығының жетістіктерін көрсетіп және оңтүстік өңірлік қолбасшылығының арасында да үлкен жетістіктерге жетіп тұрады. Соның ішінде звод командирі капитан Жүрсін Қабдешұлы «5 сайыстан» Алматы қаласына барып, жүлделі орындар алып келді. Және жыл сайын оңтүстік өңірлік қолбасшылық офицерлер арасындағы звод командирі, рота командирі, рота командирінің орынбасарлары лауазымындағы іс-шараларда 1-ші орынға ие болған капитан Жүрсін Қабдешұлы.

– Елімізге әйгілі Ұлттық ұлан қаһарманы Айбат Аманов Сіздің ротаңызда қызмет атқарған еді. Батыр сарбазыңыз туралы еске түсіріп өтсеңіз.

– Айбат Ерболұлы Аманов 2021-ші жылы әскерге шақырылып, Қарағанды облысынан 5514 әскери бөлімінің оқу пунктінен өтіп, жедел мақсаттағы 2-ші рота  құрамының қатарына қосылды. Ол өзінің оқу пунктіндегі командирлерінің көздеріне жақсы жағынан, моральдық -  психологиялық жағынан жоғары екенін көрсетті және тәртібінің, қарапайымдылығының арқасында және түрлі іс-шараларға белсене атсалысу барысында командирлерден алғыстар алды. Рота жеке құрамына қосылғаннан кейін белсенділер  тізіміне және ефрейтор аға пулеметші болып тағайындалды. Рота жеке құрамының үлгілі сарбаздарының бірі болатын және қаңтар айындағы жаппай қоғамдық тәртіпсіздік  барысында өз жанын қиды. Барлық әскери қызметшілерге Отан алдындағы борышын қалай атқару керек екенін, адал және Ұлттық ұланның жауынгерлеріне тән қасиеттерін көрсетті. Өкінішке қарай, өзінің жанқиярлығы арқасында бәрімізге үлгі болып, өзінің мәңгілік сапта екенін көрсете білді. Жуырда Айбаттың туған жерінде жасөспірімдер арасында бокстан турнир ұйымдастырылды. 5514 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеукеттік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Нұрсұлтан Төлеген және Айбаттың взвод командирі лейтенант Алмас Каержан барған болатын. Әскери бөлім атынан баршамыздың ысытық ықыласымызды жеткізді, Айбат өте табиғаты таза, пейілі ақ азамат еді. Өзі спортшы, өзі суретші, өзі қолынан өнер тамған сарбаз болатын. Мен оған тәрбие берген ата-анасына және Айбаттың әруағының алдында басымды иіп, алғысымды айтамын. Ондай сарбаздарымыз бар кезде Отанымыз тыныш, еліміз аман болатыны сөзсіз.

– Сол күн әлі есіңізде ме?

– Сол күн әлі есімізде, бәріміз сол сапта болдық. Бәріміз Отан алдындағы борышты өтеумен болдық. Қатты қақтығыстар болып, көп жауынгерлеріміз зардаб шекті. Сондай бір қақтығыстар орын алып жатқанда, нағыз кескілескен ұрыста қаза тапқан сарбаздар болды. Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік барысында Айбат Аманов сарбазымыздан айырылып қалдық. Бұл жағдай Талдықорған қаласының тарихында бірінші рет орын алды және ол жауынгердің ерлігі мәңгі есімізде. Жауынгер өзінің жауынгерлік қасиетін көрсетіп, арпалыста қаза болды.

– Қазір қандай үлгілі сарбаздарыңыз бар?

– Ефрейтор Дәулет Акрам, ефрейтор Әбдірәсіл Мәлік тағы да басқа үздік сарбаздарымыз бар. Оларға үнемі Аманов Айбаттың ерліктерін айтып және өмірлік тарихын көрсетіп, баяндаймыз. Үнемі жауынгерлік қызмет барысында Отанға деген адалдығын, ерлігін, насихаттап отырамыз. Мықты сарбаздарымыз көп, Аманов Айбат сарбазымыз секілді жауынгерлер біздің қатарымызда қызметтерін жалғастыра береді деген ойдамын.

 

Серік ЖАУЛЫБАЕВ, ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің студенті

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -