Алматыда 2023 жылдың соңына дейін 399 заңсыз сауда нысаны сүріледі

686
Фотосурет: Алматы қ әкімдігі

Қаланың сыртқы келбетіне  және абаттандыруға нұқсан келтіретін, тротуарлар мен жол учаскелерін қоқыс тастайтын заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда объектілерімен (ССО) күресу мақсатында қала әкімінің тапсырмасымен кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қажетті шаралар қабылдауда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ерікті сүруді  жүзеге асыру үшін заңсыз салынған стационарлық емес сауда объектілері иелерімен түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде. Нысан сүрілген соң аудан әкімдіктерімен бірлесіп, заңсыз объект орнатылған аумақ ретке  келтіреді, қоқыстан тазарады.

До конца 2023 года в Алматы демонтируют 399 незаконных объектов торговли

Мониторинг қорытындысына орай 2022 жылы Алматы қаласы бойынша жер заңнамасын, санитарлық, қала құрылысы және өрт нормаларын бұзған 500-ден астам заңсыз салынған стационарлық емес сауда объектілері анықталды. Бүгінде 101 нысан сүрілді, қалғандары ағымдағы жылдың соңына дейін алынып тасталады.

Еске салсақ, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша биыл алғаш рет "Алматы қаласының аумағында және қала маңындағы аймақта стационарлық емес сауда объектілерін орнату ережелері" қабылданды, онда мұндай объектілерді орнату тәртібі нақты айқындалған. Ережелермен https://adilet.zan.kz/rus/docs/V23R0001707 сілтеме арқылы толық танысуға болады.

Нысандардың стихиялы орналасуларын болдырмау үшін қазіргі уақытта "Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру сызбасын" әзірлеу аяқталуда, ол бекітілгеннен кейін оларды орнатуға болатын нақты мекенжайлар анықталады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -