Қазақстанның қазіргі заманғы сын-қатерлерге ден қоюы шынайы қызығушылық тудырады – халықаралық сарапшылар

662
Фотосурет: ortcom.kz

Астана Халықаралық форумы аясында өткен панельдік сессияда «THE NEW KAZAKHSTAN: STEERING THE STEPPE AMID A GLOBAL STORM» («Жаңа Қазақстан: жаһандық дауыл кезінде даланы басқару») кітабының тұсаукесері өтті. Кітап француз экономисі және Бреттон-Вудс жаңарту жөніндегі комитетінің атқарушы директоры Марк Узанның жетекшілігімен жазылған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жинақтың алғы сөзінің авторы – әлемге әйгілі экономист, Нью-Йорк университетінің профессоры Нуриэль Рубини.

Авторлардың айтуынша, кітапты жазуға шамамен 4 жыл уақыт жұмсалды. Әрбір эссені жазу үшін көп жұмыс атқарылды, ресми деректер мен әртүрлі дереккөздер зерттелді.

Кітаптың редакторы Марк Узанның сөзінше, Еуразия құрлығының жүрегінде орналасқандықтан Қазақстан шетелдік ғалымдар мен экономистердің зор қызығушылығын оятуда.

«Қазіргі заманда әлем пандемия, соғыс, энергетика саласындағы және климаттың өзгеруіне байланысты төтенше жағдайлар, жалпы геосаяси тепе-теңдіктің бұзылуы сияқты жаһандық сын-қатерлерге тап болуда. Бұл ретте Қазақстан өзін қалай ұстанады, қандай реформалар ұсынылып, іске асырылып жатыр, сондай-ақ мемлекеттің сын-қатерлерге ден қоюы – осынның бәрі шынайы қызығушылық тудырады» Марк Узан

Нуриэль Рубинидің айтуынша, бүгінде әлемде геосаяси тәуекелдерге, инфляцияға, технологиялардың бақылаусыз дамуына және т.б. әкелуі ықтимал «мега қатерлер» көбейіп келеді. Еуразия құрлығының жүрегінде орналасқан Қазақстан достық қарым-қатынаста бола отырып, ағымдағы жағдайларда дұрыс және ойластырылған саясат жүргізуде.

Кітаптың басқа авторлары да спикерлерді қолдап, Қазақстан – барлық әлемдік сын-қатерлерге тікелей тап болатын, бірақ экономиканы, қоғамды және саясатты дамытудың өзіндік бағыты бар ел деген оймен келісті.

Кітап авторлары Қазақстан Президенті Қасым-жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан реформалардың қазіргі жағдайда елімізді тұрақты болашаққа жетелейтініне сенім білдірді.

Соныман қатар панельдік сессияға Орталық-Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтының бас экономисі Ханс Хольцхаккер, аға ғылыми қызметкер Стив Пэппке (Азия орталығы, Жаһандық өзгерістер мен Жерді бақылау географиялық орталығы, Еуропалық, ресейлік және Еуразиялық зерттеулер орталығы, Мичиган мемлекеттік университеті), Норман Грэм (Еуропалық, ресейлік және еуразиялық зерттеулер орталығы және Джеймс Мэдисон колледжі, Мичиган мемлекеттік университеті), Пан Ги Мунның «Жақсы болашақ үшін» қорының директоры Раэквон Чанг, Еуропалық саясат желісі орталығының директоры Хэннинг Воппель, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Асқар Омаров қатысты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -