ШҚО-да ерте жастан дамыту педагогтары мен эрго-педагогтары оқытылады

13574
Фотосурет: Gov

Жаңа заман жаңа мамандарды қажет етеді. Бүгінде елде 0-ден 3 жасқа дейінгі балалардың ерте жастан даму педагогтары мен эрго-педагогтары жетіспейді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осыған байланысты Шығыс Қазақстанда инклюзивті білім беру саласында сұранысқа ие мамандықтарды оқытатын болады.

Биыл аймақтағы жалғыз инклюзивті орта мамандарын дайындаумен айналысатын ЖОО – С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Ерте жастан қолдау педагогикасы» мамандарын даярлауды бастайды. Білім беру бағдарламасы дамудың ерте ерекшеліктерін бағалауда және дайындықты жобалауда маманның құзыретін қалыптастырады.

«Статистикаға сүйенсек, жаңа туған нәрестелердің тек 2%-нда түрлі ауытқушылық анықталады. Тек, 8-9 жаста ондай балалардың саны 10%-ға дейін артады. Бұл дегеніміз балалардың 8%-нда ерте жасынан кемістікті байқай алмаған және қажетті көмек көрсетілмеген» Дүниежүзілік банк қаржыландыратын «ҚР Педагогикалық білім беруді жаңғырту» жобасы аясында ЖОО-дары педагогикалық әзірлеушілер командасының жетекшісі Светлана Стельмах

Екінші сұранысқа ие мамандық – эрго-педагогика церебралды сал ауруы және тірек-қимыл аппаратының басқа да бұзылуы бар балалармен жұмыс істеуге бағытталған.

«Эрго-Педагогика» түлектері даму ерекшеліктері бар баланың мағыналы іс-әрекетін дамыту бағдарламаларын әзірлеумен және жүргізумен айналысады.

«Алайда, біздің елде бейімдік дене шынықтыру мамандары оқытылмайды. Сондықтан біз «Эрго-педагогика» бағдарламасына үлкен бір модульді енгіздік. Болашақта эрго-педагог түлектеріміз бұл жоқтың орынын толтыра алады деген сенімдемін» Светлана Стельмах

ШҚУ-да «ҚР педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» ұлттық жобасы аясында 2023-2024 оқу жылынан бастап оннан аса білім беру бағдарламасы енгізілетінін айта кетейік.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -