Ақтауда жазғы лагерь қатысушылары сыбайлас жемқорлық тақырыбында сурет салды

11913
Фотосурет: Mangistau Аntikor

Ақтауда «Ақжелкен» жазғы лагерь қатысушыларының арасында сыбайлас жемқорлық тақырыбында сурет конкурсы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сурет конкурсын ұйымдастырудың басты мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру. 

Конкурсқа 7-12 жас аралығындағы он бес бала қатысты. 

«Әр туынды мектеп оқушыларының ой-қиылынан шыққан. Кез - келген суретке қарап жемқорлық адам баласын жақсылыққа апармайтынын айтпай-ақ түсінуге болады. Балалар адалдық, жақсылық туралы өз ойларын ұтымды жеткізген,» деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері. 

Конкурс соңында балаларға естелік сыйлықтар табыс етілді. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -