Жүлде қоры 100 000 долларды құрайтын «Aktobe Open-2025» турнирінің жеңімпаздары анықталды

1683
Фотосурет: Асылбек Касымов/KazChess

Ақтөбеде халықаралық шахмат фестивалі – «Владимир Дворковичті еске алу турнирі – Aktobe Open 2025» мәресіне жетті. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Жарысқа 20 елден келген 311 шахматшы қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Турнир 2025 жылғы 22-30 маусым аралығында «АСЕ» теннис орталығында өтті. Ұйымдастырушылар – ФИДЕ және Қазақстан шахмат федерациясы. Қолдау көрсеткендер – ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Ақтөбе облысының әкімдігі. Бас серіктестер – Freedom Holding Corp. және Ақтөбе мыс компаниясы.

Суретті түсірген:  Асылбек Касымов/KazChess

Фестиваль үш турнирден тұрды: Masters (рейтингі 2400 және одан жоғары), Challengers (рейтингі 1900-2399), және Open (рейтингі 1400-1899). Барлық жарыс швейцариялық жүйе бойынша 9 турда, классикалық уақыт бақылауымен өтті (әр партияға 90 минут + әр жүріске 30 секунд қосылады).

Суретті түсірген: Асылбек Касымов/KazChess

Masters турнирінің жүлдегерлері

  1. Алексей Сарана (Сербия)
  2. Арьян Чопра (Үндістан)
  3. Жамсаран Цыдыпов (FIDE)
  4. Иниян Па (Үндістан)
  5. Мұртас Қажғалиұлы (Қазақстан)
  6. Ван Хао (Қытай)
  7. Сюй Хауин (Қытай)
  8. Шант Саргсян (Армения)
  9. Санан Сүгіров (Венгрия)
  10. Иван Чепаринов (Болгария)

Challengers турнирінің жүлдегерлері

  1. Алан Петухов (Ақтөбе)
  2. Бахтияр Нұгыманов (Астана)
  3. Константин Казаков (Павлодар)
  4. Ернұр Амангелді (Астана)
  5. Кирилл Кудеринов (Ақтөбе)
  6. Ақылжан Мейірханұлы (Қызылорда)

Challengers турнирінің номинациялары

  • 2200-ден төмен рейтинг бойынша үздік – Назар Талғатов (Алматы)
  • 2100-ден төмен рейтинг бойынша үздік – Исабек Тәнікин (Алматы)
  • 2000-ден төмен рейтинг бойынша үздік – Алдияр Жарас (Алматы)
  • Әйелдер арасындағы үздік нәтиже – Сақыпжамал Бармағанбетова (Қызылорда)
  • Жергілікті үздік ойыншы – Қайыр Берістенов (Ақтөбе)

Open турнирінің жеңімпаздары (рейтингі 1900-ден төмен)

  1. Бейбарыс Бекбол (Ақтөбе)
  2. Иса Қонай (Астана)
  3. Айбек Тлекқабыл (Шымкент)
  4. Рамзан Байдәулетов (Қостанай)
  5. Алтайыр Әділбекұлы (Алматы)

Open турнирінің арнайы номинациялары

  • 1600-ден төмен рейтинг бойын үздік – Тайлан Хати (Астана)
  • Жергілікті үздік ойыншы – Олжас Жолжанов (Ақтөбе)

Суретті түсірген: Асылбек Касымов/KazChess

Жалпы жүлде қоры – 100 000 АҚШ доллары. Masters турнирінде  78 000 АҚШ доллары ойналыды. Чемпион 18 000 доллар алды. Challengers турнирінде – 15 000 доллар, ал Open турнирінде – 7 000 доллар. Әйелдер мен жергілікті ойыншыларға қосымша жүлделер берілді.

«Владимир Дворковичті еске алу турнирі – Aktobe Open 2025» – классикалық шахмат бойынша Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі болды. Келесі кезеңдер Өскеменде (Oskemen Open, 21-29 шілде), Қонаевта (Almaty Region Open, 4-12 тамыз) өтеді. Кубок финалы  9–19 қараша аралығында өтеді.

Суретті түсірген:  Асылбек Касымов/KazChess

Бұл турнир Ақтөбенің шахмат орталығы ретіндегі орнын күшейтті. Қатысушылар жоғары деңгейдегі ойын көрсетті, ал көрермендер қызықты партияларға куә болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -