Ордабасы ауданы: басымдықтар мен перспективаларды талқылау

3465
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек, Алишер Сатвалдиев Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы бірқатар елді мекендерде болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сенаторлар сапар барысында облыстың бірқатар стратегиялық маңызды нысандары мен фермерлік шаруашылықтарында болды. Парламентшілер аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен және жастар ұйымдарының басшыларымен де кездесті. Тұрғындар кездесу барысында су арнасының құрылысы, өндіріс, ауыл шаруашылығы және өңірдегі әлеуметтік нысандардың құрылысына қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.

Депутаттар өз кезегінде көтерілген мәселелер бақылауда болатынын және тиісті органдардың назарына ұсынылатынын жеткізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -